Бортсерікті ұрып, бомба бар деп жар салған жолаушыға қатысты сот үкімі шықты @TheSevenNews​

Ер адамның кінәсі дәлелденіп, 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Оқиға 13 қаңтар күні Астанадан Өскеменге қатынайтын ұшақ рейсінде болған. Мас адам алдымен бортсерікті, кейін өзіне ескерту жасаған жолаушыны ұрған. Ол аздай, бортта бомба бар деп мәлімдеген. Соның салдарынан 153 адам ұшақ салонынан эвакуацияланды. Ер адам терроризм актісі туралы жалған хабарлама таратқаны және әуе кемесінің бортында жасалған бұзақылық үшін кінәлі деп танылды.
———————————————