Петропавлда кәріз коллекторын бөлшектеу кезінде газ-ауа қоспасы жарылып, бес адамды күйік шалды. Апаттық бригада қызметкерлері жүйеде анықталған ақауды ретке келтіріп жатқанда абайсызда от шығып, дүмпу болған. Зардап шеккеннің барлығы бірден қалалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің қарауынан кейін біреуі үйіне жіберілді. Қалғаны қазір жақ-бет хирургиясы бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Олардың басы мен мойны күйген. Оқыс оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
БАУЫРЖАН ИБРАЕВ, ЕМДЕЛУШІ:
— Құдықта жұмыс істеу үшін бізге құбырды тесу керек. Соны кесіп жатып, ұрып жатқанда арасынан газ шығып, от шықты. Біз оның арасы сумен толып тұрған шығар деп ойладық. Су болмай, газ болды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.