Елорда іргесіндегі су тасқыны қаупі бар аймақтар бақылауға алынды @TheSevenNews​

Астана көктемгі су тасқынына дайындалып жатыр. Айтып келмейтін апаттың алдын алу үшін бірнеше құрылым күш біріктірді. Мамандар техника мен құрал-жабдығын сайлап, су басу қаупі жоғары аймақтарға аттанды. Қазір қала маңында 18 қауіпті учаске бар. Су тасқыны болса, көмекке 500-ден астам құтқарушы жұмылдырылмақ.
———————————————