Қаңғыбас ит-мысыққа арналған жедел жәрдем қызметі іске қосылды @TheSevenNews​

Енді Алматы көшелерінде көлік қағып немесе адамнан зәбір көрген жануарларға алғашқы көмек көрсетіледі. Қала бойынша екі бригада жұмыс істейді. Олар қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Жаңадан пайда болған бұл қызмет түрін әкімдік жергілікті бюджет есебінен қаржыландырады.
ЕРЛАН ОМАРОВ, КИ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Қажеттілікке қарай көмек көрсетілетін болады. Егер көшеде жүрген ит-мысықың жағдайы ауыр болса, оны арнайы жануарларға арналған клиникаға жеткізіп, сол жерде толық ем-дом көрсетіледі.
———————————————