Мұхаммед, Айсұлтан, Омар. Бұл былтыр ұл балаларға ең көп қойылған танымал есімдер. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ұзақ жылдар рейтингті бастап келген Әлихан есімі бұл жолы үшінші орынға жайғасты. Қыздар арасында рейтингтің көшін Айлин есімі бастап тұр. 5 мың 600 бүлдіршін осы есімді иеленген. Үздік үштікті Медина, Асылым аты түйіндеді. Ал Топ-10 тізімге алғаш рет кірген Мариям есімі 3 мың сәбиге берілген.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.