«Asar Baspana» қаржы пирамидасының заңсыз қызметі тоқтатылды @TheSevenNews​

Тұтыну кооперативінің атын жамылған «Asar Baspana» қаржы пирамидасының заңсыз қызметі тоқтатылды. Алаяқтық схемамен компания салымшыларға жылжымайтын мүлік, көлік және тұрмыстық өнімдерге инвестиция салуды ұсынған. Ай сайын салынған соманың 30%-на дейін пайда табуға уәде берген.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Тексеру барысында компания кеңселері мен күдіктілдердің тұрғылықты мекенжайларынан 1,2 млрд теңгеден астам қолма-қол ақша және 13 автокөлік тәркіленді. Қаржы пирамидасының ұйымдастырушы қамауға алынды.
———————————————