Павлодарда мектеп күзетшісі ұрған оқушының кеуде тұсына зақым келген | 20.02.2025

Жүргізуші: Ардақ Қасымхан — https://www.instagram.com/ardak_kassymkhan

«У» ҚОСЫЛҒАН ТӘТТІ
Ақтөбеде 23 оқушы тәттіден уланды. Балалар мектеп жанындағы дүкеннен кәмпит алып жеген соң, жағдайлары күрт нашарлаған. Осыдан кейін 45 дүкен тексеріліп, ондағы қауіпті тәтті түгел тәркіленді.

«ASAR BASPANA» ЖОЙЫЛДЫ
Елде «Asar Baspana» қаржы пирамидасы жойылды. Екі күдікті ұсталды. Олардан 1,2 млрд-тан астам теңге мен 13 премиум класты көлік тәркіленді.

ЖАЛҒАН ПСИХОЛОГ
Қазір аңқау елге алдамшы психологтардың әмірі жүріп тұр. Енді мұндай маманның біліктілігі тексеріліп, білімі жоғы нарықтан шығарылады. Мәжіліс псевдопсихологтардың мәселесін май шаммен қарамақ.

АПАТТЫҢ АЛДЫН АЛУ
Астана көктемгі су тасқынына дайындалып жатыр. Айтып келмейтін апаттың алдын алу үшін бірнеше құрылым күш біріктірді. Мамандар техника мен құрал-жабдығын сайлап, су басу қаупі жоғары аймақтарға аттанды.

БАЛЫҚҚА АУА ҚАЖЕТ
Солтүстікте мұз қалыңдап, өзендерде оттегі азайып барады. Яғни балыққа ауа жетпей қалуы мүмкін. Сондықтан табиғат жанашырлары аэрация жасауға кірісті.
———————————————