Алматыдағы жекеменшік балабақшаның бірінде бүлдіршінді тұншықтырған тәрбиеші жеңіл жазамен құтылмауы керек. Осы істі қарап жатқан адвокат Динара Шамшекова тәрбиешіні «азаптау» бабымен жазалау қажет деп есептейді. Бұл оқиға басқаларына сабақ болуы қажет. Әйтпесе соңғы кезде бүлдіршінге қол көтеру дерегі жиілеп кетті. Заң өкілі арнамызға эксклюзив сұхбат берді.
ДИНАРА ШАМШЕКОВА, АДВОКАТ:
— Қылмыстық Кодекстің 140-бабы бойынша іс қозғалған еді. Дегенмен жәбірленуші тараптың қорғаушысы ретінде мен істің азаптау бабы бойынша қаралуын талап етіп, Алматы қалалық прокуратурасына жүгіндім. Негізі тергеу істі сотқа жібермек болды. Біз оны тоқтаттық. Бұл бап бойынша күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.