Баланы тұншықтыру фактісі: балабақшаның лицензиясы жоқ болып шықты @TheSevenNews​

Бейнежазбада баланы тәрбиеші тұншықтырып жатқанда, бейжай қарап, шай ішіп отырған екі тәрбиешіні байқауға болады. Жәбірленуші тарап бұл екеуін де жауапқа тарту туралы арыз түсірген. Алайда тергеу іс қозғаудан бас тартқан. Қазір екі куәгерге «күдікті» статусы берілуін және жауапқа тартылуын адвокат Динара Шамшекова қолға алды. Айта кетейік, Алматыда 4 жасар бүлдіршінді балабақшада тұншықтырып жатқан тәрбиешінің бейнежазбасы желіде тараған болатын. Бала орындықта отыр. Буындырған соң жанталасып, тұруға ұмтылған. Тәрбиешінің баланы қылқындырып жатқаны анық көрінеді. Осы оқиғадан кейін балабақша жұмысын уақытша тоқтатты. Директорына айыппұл салынды. Мекеменің лицензиясы жоқ, базада тіркелмеген болып шықты.
———————————————