Енді жұмысшысы қаза тапқан өндіріс ошағына санкция салынады. Үкімет осындай талап қойып отыр. Елде өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтитын ақпараттық жүйе іске қосылады. Азаматтық қорғау туралы заң жобасы шеңберінде апаттық-құтқару қызметіне қойылатын талап қатаңдатылады. Өндірістік бақылау стандарты күшейтілуде. Ал қауіпті өндірістік нысан иелеріне жабдықтарды жаңарту және жаңғырту бойынша жаңа міндеттер көзделген. Сонымен қатар өнеркәсіптік қауіпсіздік нысандары паспорттарын жасауға, апаттарды есепке алуды және басқа да процестерді автоматтандыруға мүмкіндік беретін «Е-ӨҚК» ақпараттық жүйесін іске қосу жоспарланып отыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.