Аудиторлық іс-шара барысында бюджетке 135 млрд теңге қайтарылды @TheSevenNews​

Былтыр 214 нысанда құны шамамен 11 трлн теңге болатын 27 аудиторлық іс-шара өткізілді. Түрлі норманы бұзу салдарынан 862 млрд теңге шығын келген. Тексерістер нәтижесінде бюджетке 135 млрд теңге қайтарылды. Бұл 2023 жылы өтелген қаржыдан бес есе артық. Мемлекет басшысының қабылдауында болған Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов осындай мәлімет берді. Төрағаның айтуынша, биыл 40-тан астам аудиторлық іс-шара өткізіледі. Оның ішінде, қала, облыс, ұлттық компаниялар мен министрліктердің бюджеттері бақыланады. Ғылым, қорғаныс, құқықтық тәртіпті сақтау, спорт, әлеуметтік қамтамасыз ету, орман шаруашылығы салаларында аудиторлық тексерістер жүргізіледі. Кездесу соңында Президент бюджет қаржысының игерілуін тиімді бақылау үшін заманауи цифрлық шешімдерді енгізудің маңызына назар аударды.
———————————————