Жұмысшы мамандық иелерін даярлау мектептен басталуға тиіс @TheSevenNews​

Жұмысшы мамандық иелерін даярлау мектептен басталуға тиіс. Қызылорда облысында барлық білім ошағындағы шеберхана жаңартылып, оқушыны еңбекке баулуға басымдық берілуде. Ұстаздар ұлттық құндылықты дәріптеу әдістемесін қолданып жатыр. Өрендер әдебиет сабағында танысқан тарихи тұлғалардың бейнесін көркем еңбек пәнінде кілемге тоқып, ағаштан мүсінін ояды. Хәкім Абай шығармаларынан түйген ойын сурет қылып, қағаз бетіне түсіреді. Ер балалар саз балшықтан құмыра жасайды, қамшы өреді. Ал қыз балалар ұлттық тағам түрлерін даярлауды үйренеді.
АЙЖАН ӘЛІМОВА, № 211 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:
— Қыз балаларды болашақ өмірге бейімдеу, үй шаруашылығына әзірлеу мақсатында «Іскер ана» орталығы жұмыс істейді. Мұнда балалар күнделікті тұрмыста қолданатын заттардың атауын білумен қатар үйренгендерін ғылымда қолданып жатыр. Түрлі байқауға қатысып, ғылыми жоба, олимпиадаларға барып жатыр.
———————————————