Шахматтан Senat Open 2025 II ашық кубогы басталды @TheSevenNews​

Шахматтан «Senat Open 2025» II ашық кубогы басталды. Зияткерлік ойынына 3 мыңға жуық адам қатысады. Сенат пен шахмат федерациясының қолдауымен ұйымдастырылып отырған шарада мемлекеттік қызметкерлер, ардагерлер, мәслихат және Парламент депутаттары, сондай-ақ қоғамдық кеңес мүшелері және журналистер бақ сынайды. Мақсат – елімізде бұқаралық шахмат ойнынын кеңінен насихаттап, дамыту. Іріктеу турнирлері 18 мамырға дейін барлық аймақта өтеді. Жартылай финал 15 маусымнан 9 тамызға дейін бес өңірде, ақтық ойын 29 тамызда Астанада ұйымдастырылады.
ТИМУР ТУРЛОВ, ҚАЗАҚСТАН ШАХМАТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
— Бұл турнир географиялық шектеу жоқ екенін көрсетеді. Шахмат федерациясы мен Сенат бірлесіп ұйымдастырып отыр. Палата спикері Мәулен Әшімбаевтың өзі араласып, қолдау көрсеткені өте маңызды. Бұл өскелең ұрпаққа өте пайдалы сайыс болатынына сенемін.
———————————————