Бүлдіршінді тұншықтырған тәрбиеші қатаң жазалануы керек | 21.02.2025

Жүргізуші: Ардақ Қасымхан — https://www.instagram.com/ardak_kassymkhan

ТӘРБИЕШІГЕ ШҮЙЛІКТІ
Алматыдағы балабақшада бүлдіршінді тұншықтырған тәрбиеші жеңіл жазамен құтылмасын. Осы істі қарап жатқан адвокат тәрбиешіні «азаптау» бабымен жазалауды сұрайды. Арнамызда эксклюзив сұхбат.

САНКЦИЯ САЛЫНАДЫ
Енді жұмысшысы қаза тапқан өндіріс ошағына санкция салынады. Үкімет осындай талап қойып жатыр. Елде өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтитын ақпараттық жүйе іске қосылады.

ШЕТТЕН ШИ ШЫҚТЫ
Қарағанды облысына қарасты Шет ауданының тұрғындары екі күннен бері жарықсыз отыр. Ауданда төтенше жағдай жарияланды. Ал жергілікті билік жарық беруші компаниямен келісімге келе алмай отыр.

БАЛА НЕ ЖЕП ЖҮР?
Дүкендердегі шығу тарихы күмәнді тәтті-тәпсекті кім қадағалайды? Сөреде самсап тұрған арзан тіскебасарға балалар құмар. Ақтөбедегі улану оқиғасынан кейін сауда орындары түгел тексеріле бастады.

САЯТШЫЛАР САЙЫСЫ
Қансонарда бүркітші шығады аңға… Петропавлда құсбегіліктен ел чемпионаты басталды. 18 рет өтіп жатқан сайысқа әр өңірден жүзден астам саятшы жиналды.
———————————————