СҚО-да туған қызын зорлап келген әке сотталды @TheSevenNews​

Солтүстік Қазақстан облысында өзінің туған қызын зорлап келген әке сотталды. Сегіз жасар жеткіншекке зәбір көрсеткен күдікті 29 жаста. Сонымен, бір жылға жуық созылған сот барысында қандай іс әшкереленді? Өз баласына қиянат көрсеткен әкеге қандай үкім кесілді?
САМАТ ҚАЙЫРДЕНҰЛЫ – ТІЛШІ
— Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 8 жастағы туған қызын бірнеше рет төсекке тартып, зорлап келген әкеге үкім кесті. Процесс жабық режимде өтті. Сондықтан оған бұқаралық ақпарат құралдары шақырылмады. Судья сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеті үшін 29 жастағы азаматты өмір бойына бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қылмыстық атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Сонымен қатар жәбірленушіге 3 миллион теңге көлемінде моралдық шығын өтеуге тиіс.
Белгілі болғандай, бұл іс 2024 жылдың қазан айынан бастап қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды. Үкімді судья Ерлан Нұршарып шығарды. Соттың өзі үкімге қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ, сондай-ақ сотталушының жеке басына байланысты да пікір білдірмеді.
———————————————