Онкологиялық ауруға шалдыққан науқастарды заңды жәрдемақысынан айырған тоғыз емхананың бас дәрігері жауапқа тартылды. Алматыда бірқатар медициналық мекеме басшысы «аты жаман» аурумен күресіп жүрген пациенттерге әлеуметтік-медициналық сараптамаға жолдама бермеген. Ол арқылы науқастарға жәрдемақы тағайындалады. Қалалық прокуратура жүргізген тексерістен кейін медициналық ұйым басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылып, сегіз науқасқа І топтағы мүгедектік рәсімделді.
РАЙЫМБЕК ШАРИПБАЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Қала Прокуратурасы мүгедектігін анықтау үшін онкологиялық ауруға шалдыққан науқастарды олардың ағзасында функцияларының тұрақты түрде бұзылғаны бола тұра, оларды медициналық ұйымдарға жібермеу тәжірбесінің жолын кесті. Онконауқастар мүгедектікті рәсімдеу және кепілдендірілген әлеуметтік жәрдемақыны алу мүмкіндігінен айырылған. Қадағалау актісі бойынша қалалық емханалардың тоғыз басшысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Сегіз пациентке бірінші топ мүгедектігі берілді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.