Павлодар пансионатында қарияларды ұрып-соғып, далаға жалаңаш шығарған

Ұрып-соғып, қолдарын қайырып, қақаған аязда далаға жалаңаш шығарған. Павлодар облысында пансионат қызметкерлері қарттарға қорлық көрсетіп келген. Қатігез қарекетті Ақсу қаласының прокуратурасы анықтады. Пансионат жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Сұмдықтың беті мекемеде түсірілген бейнежазбаларды зерттеу барысында ашылды. Қызметкерлердің зорлық-зомбылығына үнемі екі қария тап болып отырған. Олардың біреуі 84 жаста екен. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
———————————————