Павлодарда жеті мектеп жік-жапар болды. Бәзбіреулер «бомба» бар, деп хабарлаған. Күштік құрылымдар оқушылар мен мұғалімдерді шұғыл түрде эвакуациялады. Алғашқы қоңырау №39 мектеп директорына соғылған. Белгісіз біреу «білім ошағы түгел миналанған, балаларды құтқаруға 20 минут қана уақыт бар» деп телефон шалған. Мектеп басшысы дереу 102-ге хабар берген. Іле-шала тағы алты мектепке осы тақылеттес хабар түскен. Тінту барысында ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ. Қазір полиция «телефон террористерін» іздестіріп жатыр.
ЖАНАР БЕЛЯЛОВА, ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Қаланың бірнеше мектебінде орнатылған жарылғыш құрылғы туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады. Жергілікті жерге шұғыл қызметтер шықты, мамандар объектілерді тексеруді жүзеге асыруда. Осы іс-шараларды өткізу үшін басқа да шұғыл қызметтер қосылған. Полиция қызметкерлері осы фактіге қатысы бар адамды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізуде.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.