Ақтаулықтар Каспий теңізі суының қызыл түске боялуына алаңдаулы. Бұл хабарды ҚазАқпарат таратып жатыр. Көріп тұрғандарыңыздай, агенттіктің хабарлауынша, ерекше құбылыс №1 шағын ауданындағы теңіздің жағалауында тіркелген. Әдеттегіден өзгеше жағдайға тұрғындар алаңдаушылық білдіріп, экологтарға хабар беріпті. Мамандар алаңдауға негіз жоқ екенін айтып, жергілікті жұртты сабырға шақырса керек. Экологтардың айтуынша, бұл жылда қыс мезгілінде қайталанатын құбылыс. Өйткені осы кезде балдырлар көбейіп, гүлдейді екен.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.