Шығыстағы өзендерде мұз жару жұмыстары басталды. Бұл көктемгі су тасқынының алдын алу әрекеті.
Айтып келмейтін апатқа құтқарушылар осылай дайындалып жатыр. Өңірде Алтай, Күршім, Қатон-Қарағай, Глубокое және Шемонаиха секілді су тасу қаупі жоғары 19 аймақ бар. Бүгін Глубочанка өзенінде үш мың шаршы метрден астам мұз тазартылды. Алдағы жұмыс ауқымын анықтауға жасанды интеллект қолданылмақ. Жалпы аймақта ұзындығы он шақырымнан асатын 885 өзен өтіп жатыр. Сондықтан су тасқыны қаупі бар аумақтар жыл он екі ай бақылауда.
КОНСТАНТИН БОРОВИКОВ, ГЛУБОКОЕ АУДАНЫ ТЖБ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
— Глубочанка өзенін зерттеу кезінде Глубокое кентіндегі өзен сағасында судың мөлшерден асуы анықталды. Қар еріген кезде су тасқыны қаупін болдырмау үшін және жаңбыр суларын максималды қабылдау мақсатында мұзды механикалық ұсақтау туралы шешім қабылданды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.