Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ҚАРИЯНЫ ҚОРЛАДЫ
Ұрып-соғып, қолдарын қайырып, қақаған аязда далаға жалаңаш шығарған. Павлодарда пансионат қызметкерлері қарияларға қорлық көрсеткен. Прокурорлар олардың үстінен қылмыстық іс қозғады.
ЖАЛАҚЫСЫЗ ЖҰМЫСШЫ
1,5 жыл жалақысыз жүр. Елордада екі жүзге жуық құрылысшы 38 млн теңге еңбекақысын алмаған. Маңдай тер, табан етпен тапқан ақшасын даулағандар әкімдіктен көмек сұрады.
ТЕЛЕФОН ӨШІРІЛЕДІ
Ұялы телефоныңыздың заңды жолмен келгенін тексеріп алыңыз. Өйткені күмәнді құрылғылар байланыстан ажыратылады. Жаңа ереже 24 наурызда күшіне енеді.
ЕРТІСТЕ ЖАРЫЛЫС
Ертіс өзенінде мұз жару жұмыстары басталды. Бұл көктемгі су тасқынының алдын алу әрекеті. Айтып келмейтін апатқа шығыс құтқарушылары осылай дайындалып жатыр.
АЛТЫНҒА ҚОЛ СОЗАДЫ
Қазақстандық хоккейшілер Қытай құрамасын 3:1 есебімен жеңді. Енді отандық ойыншылар алтынға таласады. Ал биатлоннан ерлер құрамасы күмісті қанағат тұтты.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.