Қазақстандық шахматшылар Халықаралық гимназиадада ел намысын қорғайды

Қазақстандық шахматшылар Халықаралық гимназиадада ел намысын қорғайды

Таразда шахматтан 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті. Үш күнге созылған жарыста павлодарлық Сүлейман Ахмет пен Бибісара Абылайқызы озық шықты. 9 кезеңнен тұратын турнир швейцариялық жүйе бойынша ұйымдастырылды. Интеллектуалды ойында еліміздің әр түкпірінен барған 27 ұл мен 26 қыз бала бақ сынады. Қазақстан шахмат федерациясы оқушылардың шахматқа деген қызығушылығы жылдан жылға артып келе жатқанын айтады.

НАЗГҮЛ ӘБДІРАХМАНОВА – ЖОБА ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:
— Білім берудегі шахмат мемлекеттік бағдарламасы 2023 жылы Үкімет қаулысы негізінде әзірленді. Мақсатымыз – интеллектуалды ойын арқылы шәкірттердің ойлау қабілетін дамыту. Федерация мектеп оқушылары арасында ғана жарыс ұйымдастырмайды. Зияткерлік ойынға мұғалімдерді де жиі тартады.

Таразда өткен жарыстың жалпы жүлде қоры – 1 млн теңге. Сайыс жеңімпаздары 4-14 сәуір аралығында Сербияда өтетін «Златибор» халықаралық турнирінде ел намысын қорғайды.
———————————————