Балаға қатысты жаға ұстатар жағдай Алматыда тіркеліп отыр. Балабақша тәрбиешісі 4 жасар баланы бірнеше минут бойы қылқындырды. Бүлдіршіннің ата-анасы болған жайтты бейнебақылау камерасынан көріп білген. Жеке бөбекжайға жуырда ғана барған балаға қысым көрсеткен педагог жұмыстан қуылған. Дегенмен ашуға булыққан ата-аналар жазаның қатаң түрін қолдануды талап етіп отыр.
 Қазіргі таңда полицейлер тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастады. Білім бөлімінің қызметкерлері де мекемеге кешенді тексеру жүргізеді.
 САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК – АЛМАТЫ Қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
 — Бостандық ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері кәмелетке толмағандарға тәрбие беру міндетінің орындалмау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жазаға тартылады.
 ———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.