Астанада диспансерлік есепте тұрған жасөспірім бес жастағы баланы лифт ішінде о дүниелік қыла жаздады. Қазіргі уақытта баламен бірге оның ата-анасы да психологтардың көмегіне жүгінген. Анасының айтуы бойынша, бала толық есін жиған, жағдайы бірқалыпты.
АЙНҰР – ЖАПА ШЕККЕН БАЛАНЫҢ АНАСЫ:
— Беті ісінген, сол жағы мен жүйкесі үзілген, дәрігерлер жүйкені жалғады. Артерияға пышақ тиген ғой. О, мен мұны медициналық тілде қалай айта аламын? Енді азды-көпті есін жиды. Қарым-қатынас жасайды. Бірақ сол жағы әлі жансыз, қозғалмайды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.