Шымкентте жасырын есірткі зертханасы жойылды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Шымкентте жасырын есірткі зертханасын жойды. Күдікті психотроптық зат әзірлеу үстінде ұсталған. Тінту барысында жеті келі есірткі заты мен 500 литр сұйықтық тәркіленді. Есірткі дайындаушы қамауға алынды. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
———————————————