Полицейлер есірткі заттарын анықтайтын тест-жолақтарды өзіңізбен алып жүру керектігін ескертіп, дабыл қақты. Өйткені соңғы кезде қыздардың сусынына ұнтақ қосу жағдайлары жиілеген. Оқиғалардың дені клуб, барларда болған. Сусынды ішкен адам есін жоғалтады. Адвокат Әлия Омарованың айтуынша, қазір ол осындай жағдайға қатысты бірнеше қылмыстық істі жүргізіп жатыр.
ӘЛИЯ ОМАРОВА – АДВОКАТ:
— Кәмелет жасқа толмаған қыздың ата-анасы шағымданды. Есірткі ұнтағын сусынға қосып берген. Келесі бір оқиғада зорлау фактісі осындай жолмен болған. Мұндайда тез арада полицияға арыз беру керек. Өйткені қанның құрамындағы затты бір тәулік өтпей анықтау маңызды. Әйтпесе дәлелдеу қиынға соғады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.