Байқоңырдағы 9 ғимарат Қазақстанға қайтарылды

Ресейге ұзақ мерзімге жалға берілген Байқоңыр қаласындағы 51 ғимарат Қазақстанға қайтарылады. Қос елдің үкіметаралық комиссиясының шешімімен қазір 9 нысан өтті. Қалғандарының құжаты әзірлену үстінде. Енді баспахана, азық-түлік дүкендері, асханалар, мектеп және балабақша қайта жаңғыртудан өткізіледі. Отандық газ тарату құбырына қосылған жұлдызды қалашықтың су, электр желілері де қайта жаңғыртылады.
ЖАНДОС ЕРКІНБЕК, ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
— 2025 жылы жүзеге асырылатын ең ірі жобалардың бірі – Төретам мен Ақайдың айналма жолы. Жобаның құны 1,1 млрд тг. Бұл жоба жүзеге асырылған кезде Байқоңыр қаласының тұрғындары, Төретам кенті мен Ақай ауылдық округінің тұрғындары жалпы 60 мыңға жуық халық сапалы көлік қатынасына қол жеткізетін болады.
———————————————