14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні @TheSevenNews

Жақыныңыз не досыңызға кітап сыйлап көрдіңіз бе? Егер олай жасамаған болсаңыз, сәті түсіп тұр. Бүгін – халықаралық кітап сыйлау күні.
Осыған байланысты ел ішінде челендж өтіп жатыр. Жұрт сыйластықтың символы ретінде бір-біріне рухани байлық ұсынып, сүйікті жазушыларының көркем туындыларын тарту етуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек» деген болатын. Ендеше соңғы рет қашан кітап оқыдыңыз?
———————————————