Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды @TheSevenNews​

Ақордада кадрлық тағайындаулар болды. Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болып Руслан Желдібай тағайындалды. Ол бұған дейін Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі қызметін атқарған еді. 2022 жылдың сәуірінен 2023 жылдың қаңтарына дейін де Президенттің баспасөз хатшысы болып жұмыс істеді.
Ал осы күнге дейін Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы қызметін атқарған Берік Уәли Мемлекет басшысының жарлығымен Абай облысының әкімі болып тағайындалды.
———————————————