Мектеп оқулықтарын өзгертуге 16 млрд теңге шығындалған @TheSevenNews​

Соңғы 5 жылда мектеп оқулықтарының стандарттары 12 рет өзгерген. Оқулықтар шығаруға кеткен шығын 16 млрд теңгеден асқан. Бұл жайттар Жоғары аудиторлық палатасының орта білім беру саласына жүргізген мемлекеттік аудитында мәлім болды.
Соңғы бес жылда мектептегі оқулықты өзгертуге 16 млрд теңге шығындалған. Алайда жыл сайын мың құбылатын оқулықтың сапасына сын көп. Арнайы тексеріс барысында біраз былықтың беті ашылды.
ӘНУАРБЕК ҚАРИ – ЖОҒАРЫ АУДИТОРЛЫҚ ПАЛАТА ӨКІЛІ:
— Білім беру жүйесін қаржыландыру соңғы 5 жылда тұрақты өсіп тұр. Алайда айтарлықтай нәтиже жоқ. Бұл білім беру саласын дамытуда түрлі проблема мен кемшіліктің барын білдіреді. Реформа да жүйелі жүргізілмейді. Оқу жоспарында жиі енгізілген өзгерістер кітаптарды қайта қарауға себеп болған. Нәтижесінде бюджет тиімсіз пайдаланылды.
Осыдан 4 жыл бұрын оған 1,3 трлн теңге бөлінсе, өткен жылы 3 есе көп қаржы жұмсалды. Алайда мемлекеттік бағдарлама мен тұжырымдама жиі өзгеріп, стратегиялық құжат үнемі ауысып көп бастама аяқсыз қалған. Ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының директорының айтуынша, оқулықтардың жаңаруы бірнеше факторға байланысты.
НАЗИРА ӘБДІРАХМАНОВА – БІЛІМ МАЗМҰНЫН САРАПТАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
— Біріншіден, оқу бағдарламасына сәйкес, ағылшын тілін үшінші сыныптан бастап оқыту өзгертілді. Екіншіден, қазақ тілінде оқитын мектептер үшін орыс тілі пәні екінші сыныптан бастап оқыту. Үшіншіден, «Көркем еңбек» пәнін «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» пәндеріне бөліп оқыту. Төртіншіден, оқулықтар әр бес жыл сайын жаңартылып отырады. —
Мұғалімдердің біліктілігін арттыруға арналған курстан кейін оны әрі қарай тәжірибеде қолдану өзектілігі жайында сөз қозғалды.
МАҒЖАН ҮЙСІНБАЙ – ТІЛШІ:
— Жоғары аудиторлық палата басқарудың тиімділігін арттыру, мәселені шешу мақстаныда Үкіметке бірқатар ұсыным беріп, жауапты органдарға нұсқама жолдады. Осы міндет толық орындалғанша бақылауда болады.
———————————————