Әлеуметтік-экономикалық саладағы 81 мың кәсіпкердің, 100 мыңға жуық зейнеткердің, халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған топтың құқығы қорғалды. 123 мың жұмысшының еңбек құқығын бұзуға жол берілген жоқ. Бас прокурор Берік Асылов Мемлекет басшысына осылай деп есеп берді. Жалпы сомасы 4,5 млрд теңге алимент өндірілген. Бас прокурор қылмысқа қарсы күресте цифрлық технологиялардың жаппай енгізіліп жатқанын айтты. «Ақылды» бейнекамераның көмегімен іздеуде жүргендер 9,4 пайызға азайған. Қасым-Жомарт Тоқаев «Заң және тәртіп» қағидасын іске асыру, барлық салада заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
Сондай-ақ алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, есірткі бизнесімен күрес, қоғамдық орындарда құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша құқық қорғау мен басқа да мемлекеттік органдардың қызметін үйлестірудің маңызын атап өтті.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.