Жүргізуші: Ардақ Қасымхан — https://www.instagram.com/ardak_kassymkhan
БЕНЗИН БАҒАСЫ
Ел ішінде жанар-жағармай қымбаттады. АИ-92 және АИ-95 маркалы бензині кей өңірлерде 10 теңгеге дейін көтерілген.
АБАҚТЫДАҒЫ ТОЙ
Абақтыда той тойлап, туған күн жасаған. Шерзат Болаттың өліміне қатысты күдіктілердің әрекеті қалың жұрттың ашуына тиді.
ШАҢЫРАҒЫ ШАЙҚАЛДЫ
Екібастұздағы ойын-сауық орталығының төбесі опырылып, ортасына түсті. Үш жасөспірім жарақат алды.
ОҚУЛЫҚТАҒЫ ОЛҚЫЛЫҚ
Соңғы бес жылда мектептегі оқулықты өзгертуге 16 млрд теңге шығындалған. Алайда жыл сайын мың құбылатын оқулықтың сапасына сын көп. Арнайы тексеріс барысында біраз былықтың беті ашылды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.