Күні кеше Костенко шахтасындағы алапат жарылысқа қатысты іс сотқа жіберілді. 10 адамға тау-кен жұмыстарының қауіпсіздік ережелерін бұзу бабы бойынша айып тағылып отыр. Бұл туралы Бас Прокурор Берік Асылов мәлімдеді. 2023 жылдың 28 қазанында 46 кенші қаза тапқан еді. Елдің қабырғасын қайыстырған қайғылы оқиғадан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен Қарағанды металлургиялық комбинаты отандық компанияның меншігіне өтті. Оның жаңа иесі – кәсіпкер Андрей Лаврентьев. Көп ұзамай «АрселорМиттал Теміртау» атауы да «Qarmet» болып өзгерді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.