Шығыс Қазақстан облысында арнайы мектеп-интернаттан төрт жасөспірім қашып кетті. Оқиға Серебрянск қаласында болған. Мұғалімдердің өктемдігіне төзбеген оқушылар осылай жасауға мәжбүр болған. Жағдайды бастан аяқ баяндау үшін бейнеүндеу жариялаған. Қақақаған қыста жұқа киінген балалар даладағы әжетхананы ықтаған. Оқушылар интернатқа қайтарылды. Ал прокуратура мен полиция тергеу жүргізіп жатыр. Оған психолог мамандар мен бала құқығын қорғау жөніндегі уәкілдер де тартылды.
АКСАНА КАЛЕНОВА, БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ
— Балалар шынымен жәбір көргендіктен қашып, олардың денсаулығына зақым келген болса, олардың заңды қамқоршысы саналатын мектеп өз міндетін дұрыс атқара алмаған болып шығады. Әрине, қызметкерлердің кінәсі анықталса, заң бойынша жауапқа тартылады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.