Балабақша тәрбиешісі кішкентай баланың буынын шығарып жіберген

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Бесқұдық аулындағы жеке балабақшада сәби зардап шекті. Тәрбиеші бейкүнә баланы жұлқылап, буынын шығарып жіберген. Артынша бұл әрекетін жасыруға тырысқан. Қолы ауырсынып қалған 1,5 жасар қыз балаға алғашқы көмек көрсетілмеген. Жағдайды баланың ата-анасы артынан бір-ақ білген. Мазасы қашқан сәбиді әкесі аурухана апарып емдеткен. Оқиғаның анығын білу үшін ата-аналар балабақшаның бейнебақылау камерасындағы жазбаларды қараған. Баланы тәрбиеші ұрғанына көздері жеткен соң, құзырлы органдарға шағымданыпты.

РАУШАН АЯПБЕРГЕНОВА, БАЛАБАҚША МЕҢГЕРУШІСІ:
— Тәрбиеші, оның көмекшісі жұмысынан босатылды. Топ толықтай жабылды. Балабақша қазір тексерістер жүргізіліп жатыр.

БАТЫРБЕК ДЕМОКРАТҰЛЫ, АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
— Болған жағдайды хабарламағаны үшін қызметкерге арнайы айыппұл салынды.
———————————————