Бишімбаевтың түрмедегі тәртібі үлгілі емес

Қуандық Бишімбаев сотқа шағым түсірді. Ол түрме басшылығының дұрыс көңіл бөлмей отырғанына наразы. Қылмыстық атқару жүйесі комиетінің баспасөз қызметі осындай ақпарат таратты. Алайда түзеу мекемесінің мәліметінше, жазасын өтеушінің тәртібі үлгілі емес. Бір рет ереже бұзған. Сондықтан сот оның шағымын қанағаттандырмай тастады.

ЕРЛАН ҒАЗЫМЖАНОВ, АДВОКАТ:
— Мекемеде күн тәртібі бар. Түн уақытында барлығы ұйықтау керек. Ереже сондай. Ал Қуандық Бишімбаев түнде тісі ауырып, асханаға барған. Ол ереже бұзғанын білмеді. Енді сот осыны алға тартып, біздің шағымды қабылдамады. Апелляцияға өтінім жібереміз.
———————————————