Елордалық 34 зейнеткер 286 млн теңгесінен айырылды

Елордалық 34 зейнеткер 286 млн теңгесінен айырылды. Олар «Happy Life KZ» қаржы пирамидасына алданған. Қарияларды қаражатсыз қалдырған алаяқ ұсталды. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдері хабарлады. Ұйым басшысы 2016 жылдан бері биологиялық бесленді қоспа сатумен айналысқан. Бұл іске көбіне қарт салымшыларды тартып отырған. Әр қатысушыны 10-нан 300%-ға дейін табыс түседі деп үміттендірген. Ақыры не ақша, не пайда таппаған зейнеткерлер құзырлы орган өкілдерінен көмек сұрапты. Қазір іс тергеліп жатыр.

БЕКЖІГІТ СЕРІКБАЙ, ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Қаржылық тергеу барысында күдікті заңсыз жолмен тапқан ақшаға элиталық тұрғын үй кешенінен 36 млн теңге тұратын пәтер сатып алғаны анықталды. Соттың санкциясымен аталған пәтерге тыйым салынды. Сот күдіктіге «ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлқы туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.
———————————————