Ақтөбеде кен орнынан 12 вагон әлеуметтік газ ұрлағандар ұсталды. Жергілікті компанияда жұмыс істейтін топ бұл іспен ұдайы айналысып келген. Олар есепке алынбаған газды жинап, кейін теміржол арқылы тасымалдап отырған. Қазір осы оқиға бойынша тиісті сараптама жүргізіліп жатыр. Көп ұзамай кәсіпорынға келтірілген шығын белгілі болады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.