Шымкентте үш адам мерт болған ойын саябағы бұзылады. Сот кәсіпкердің заңсыз әрекеттеріне байланысты осындай шешім қабылдады.
2011 жылы бизнес иесі «балалар орталығын саламын» деп қалалық саябақтан 4 гектар жерді жалға алған. Алайда уәдесінен тайып, «Қиял әлемі» аттракциондар саябағын ашқан. Бұл арада соңғы жылдары қайғылы оқиға жиілеп кетті. Екі студент пен бір қарияның қазасын қала жұрты әлі ұмытқан жоқ. Осыдан кейін қалалық әкімдік саябақ басшылығын сотқа берген. Құзырғы орган нысанды сүру туралы шешім шығарды.
МЕРЛАН КЕРІМЖАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ОРТА САПАСЫН БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Саябақта орналасқан тоғыз нысанның құрылысын бұзу жөнінде талап-арыз беріліп, 2024 жылдың желтоқсан айында шешім шықты. Қазіргі таңда тоғыз құрылысты аппеляциялық сот қарап жатыр. Кәсіпкер бұл нысандарды өз есебінен бұзбаған жағдайда, қала әкімшілігі тарапынан жарамсыз дүние қылып бұзуға мәжбүр боламыз.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.