ШҚО-да жер сілкіну қаупі жоғары аудандардың картасы жасалды

Шығыс Қазақстан облысында жер сілкіну қаупі жоғары аудандардың картасы жасалды. Сейсмологтардың дерегінше, өңірде 75 елді мекен жер сілкіну қаупі бар аймақта орналасқан. Ал 90-шы жылдары салынған екі мыңдай үйдің құрылымын жөндеу қажет. Жалпы облыстың таулы аудандары мен Өскемендегі үйлердің жертөлелерінде жер дүмпуі туралы алдын ала мәлімет беретін құрылғылар орнатылған. Жоспар бойынша алдағы 5 жылда олардың саны екі еселенбек.
НҰРБОЛАТ ӨТЕЕВ, ТЖ АЛДЫН АЛУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ:
— Обылыс аумағында 12 сейсмодатчик және 2 сейсмостанция орналасқан. Бұл жер сілкіністер ақпаратын тіркеп, Алматыдағы Ұлттық жер сілкінісі орталығына жолдап отырады.
———————————————