Астанада – аяз, Алматыда – көктем, Шымкентте – жаз. Синоптиктер еліміздегі үш мегаполистің ауа райы болжамын жариялады. Қазгидрометтің хабарлауынша, ақпанның 7-8-9-ы күндері Астанада қар жауып, 21 градус аяз болады. Ал Алматыда керісінше күн жылына бастайды. Шымкентке шырай кіріп, 15-20 градус ыстық орнайды.
Жалпы, елдің солтүстігі, солтүстік-батысы мен оңтүстігінде аз ғана қар түсіп, жел соғады. Оңтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады. Кейбір аймақта тұман түсіп, жел күшейеді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.