Жүргізуші: Ардақ Қасымхан — https://www.instagram.com/ardak_kassymkhan
ҚАРИЯНЫҢ ХАҚЫСЫ
Елордалық 34 зейнеткер 286 млн теңгесінен айырылды. Олар «Happy Life KZ» қаржы пирамидасына алданған. Қарияларды қаражатсыз қалдырған алаяқтар ұсталды.
ҚЫТЫМЫР ТӘРБИЕШІ
Маңғыстаудағы жеке балабақшада сәби зардап шекті. Тәрбиеші бейкүнә баланы жұлқылап, буынын шығарып жіберген. Артынша бұл әрекетін жасыруға тырысқан.
БАЙЛАНЫС БАҒЫНБАЙДЫ
Ұялы байланыс қызметі мен интернет құны бірнеше есеге қымбаттап кетті. Бірақ сапасы өзгерген жоқ. Оператор халықтан қашанғы ақша сора бермек? Монополияға қарсы агенттік неге үнсіз отыр?
ДҮМПУГЕ ҚАРСЫ
Бүгін еліміздің 11 аймағында дабыл қағылды. Былтырдан бері дүркін-дүркін жер дүмпуі білінген Алматы табиғи апатқа қаншалықты дайын? Қаланың дабыл жүйелері дұрыс жұмыс істеп тұр ма?
ҚАСҚЫРҒА ЖЕМ
Аң-құсқа жем болып жүрмесін. Солтүстік мамандары жабайы жануарларды қолдан қоректендіріп жатыр. Бұл жанашырлықтың соңы қайғыға ұласып жүрмей ме? Бөрі азығы жолында деген қайда?
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.