«Мектепте бомба бар» деп мұғалімді қорқытқан

Телефон террорисі табылмай жатыр. Атырауда белгісіз біреу мектеп мұғалімінен 80 млн теңге талап еткен. «Әйтпесе тал түсте мектепті жарып жіберемін», — деп қорқытып қоңырау шалған. Құзырлы орган өкілдері оқушылар мен мұғалімдерді дереу эвакуациялады. Шұғыл тексеру барысында білім ошағында ешқандай «бомба» болмай шықты. Қазір жұртты босқа дүрліктірген күдікті іздестіріліп жатыр. Алдан ала ақпарат бойынша, қоңырау шетелден соғылған болуы мүмкін.
МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Құзырлы орган ешқандай күдік тудыртатын затты анықтаған жоқ. Қазіргі таңда терроризм актісіне қатысты көрінеу жалған хабарлау дерегімен қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
———————————————