Ақмола облысында да осыған ұқсас оқиға болды. Бірақ бұл жақта күдікті ұсталды. Енді мектепке «жарылғыш зат қойылды» деп жалған ақпарат таратқан оқушы 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 15 жастағы жасөспірім Ақмола облысы Талапкер ауылындағы білім мекемесіне «бомба» қойылғаны туралы хабарлаған. Құқық қорғау органдары 2000-ға жуық адамды эвакуациялады. Алайда мектептен күдікті зат табылмаған. Оқушы кінәсін мойындады. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.