Құлпынай дәмі бар есірткі балаларды алдаудың жаңа тәсілі ме?

Иә, кешелі бері WhatsApp чаттарда осы хабарлама жаппай тарап жатыр. «Құлпынай квик» деп аталатын кәмпитті бәзбіреулер мектеп ауласында оқушыларға үлестіріп жүргені, балалардың оны кәдімгі кәмпит деп ойлап жеп қоятыны, содан кейін ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілетіні жазылған. Мұның барлығы өтірік болып шықты. Айта кетейік, енді жалған ақпарат таратып, елді дүрліктіргендер жауапқа тартылады. Ал осындай хабардың ақ-қарасын ажыратпай жатып, жарты әлемге жар салатындар да заң алдында жауап беретінін еске саламыз.
———————————————