Солтүстік Қазақстан облысында жалған құжат арқылы «сүт өңдеймін, май шайқаймын» деп 50 миллион теңге субсидия алған адам ұсталды. Петропавл қаласының тұрғыны шығындарын растау үшін ауыл шаруашылығы басқармасына жалған құжат тапсырып отырған. «Май өндірісі жүріп жатыр» деп өтірік есеп берген. Соттың шешімімен күдікті екі айға қамауға алынды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Егер оның кінәсі дәлелденсе, дүние-мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін.
ВИКТОРИЯ АЛПЕЕВА, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:
— Тергеген кезде күдіктінің 16 миллион теңгеге «TOYOTA LAND CRUISER PRADO» көлігін сатып алғаны анықталды. Алайда мүлікті жасыру үшін басқа азаматқа рәсімдеген. Соттың шешімімен темір тұлпар тәркіленіп, айыппұл тұрағына қойылды. Тергеу жалғасуда.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.