Енді санитарлық кітапшаны арқаламаймыз

Санитарлық кітапшаны әрі-бері ұстап сандалмайсыз. Енді электронды нұсқасы болады. Медициналық тексерудің қорытындысын қызметкерлер емханаға бармай, eGov mobile қосымшасындағы E-Densaulyk қызметі арқылы ала алады. Санитарлық кітапша дайын болған кезде азаматтың ұялы телефонына 1414 нөмірінен SMS-хабарлама келеді. Электронды жүйеге асхана, дәмхана, дәріхана, шипажайда жұмыс істейтін кісілердің, медициналық персонал мен қызмет көрсету саласы жұмысшыларының санитарлық кітапшасы енгізіледі. Олар жылына немесе алты айда бір рет медициналық тексеруден өтуге тиіс. Жұмыс берушілер медициналық кітапшаның рас-өтірігін hr.enbek.kz порталында тексере алады. Айта кетейік, биыл еңбекке жарамсыздық парағы да электронды нұсқада беріле бастады.
———————————————