«Бесценное время» телехикаясы аптасына 7 күн көрсетіледі

«Бесценное время» телехикаясы енді аптасына 5 рет емес, 7 күн көрсетіледі. Бұл – көрерменнің сұрауы.
1967 жыл. Ыстамбұл. Теңіз капитаны Әли Ақарсу кезекті іс-сапарынан отбасына оралады. Алайда бұл оралуы оның шаңырағын шайқалтатынын басты кейіпкер білмейді. Бұл – «Жетінші арнада» орыс тілінде көрсетілетін «Бесценное время» атты түрік сериалы. Ол көрерменге 6 қаңтарда жол тартты. Драма жанрындағы хикая халықты бірден баурап алды.
Бұл бөлмеде сериал дыбысталады. Денис Анников пен Махаббат Мадғұлова басты кейіпкерлердің дауысын салады.
МАХАББАТ МАДҒҰЛОВА, АКТРИСА:
— Сериал өмірде болған шынайы оқиғаның негізінде түсірілген. Хикаяда Осман есімді жігіттің естеліктері баяндалады. Бұл – Әли мен Жамиленің ең кенже баласы.
Шығармашылық топ хикаядағы махаббат пен сатқындық, қорқыныш пен үміт, ыза-кек пен адалдық сынды сезімдерді әсерлі жеткізен.
ДЕНИС АННИКОВ, АКТЕР:
— Әли капитан – басты кейіпкер. Сондай бір тәкаппар, ашушаң, нағыз теңіздің адамы. Уақытының көп бөлігін жұмысына арнаған. Ал үйінде оны үнемі асыға күтетін адал жары, төрт баласы бар. Бірақ біздің кейіпкер отбасын бағаламайды. Шетелде жас қызға ессіз ғашық болады. Қателіктер үшін опық жейді. Тағдыр оны шыр айналдырады.
«Көпсериялы жобаны аударып, дыбыстау оңай емес. Бір бөлімін әзірлеуге бастан аяқ 3-4 күн қажет», — дейді режиссер Айтолқын Ыбырай. Оның актерлерге қоятын талабы жоғары.
АЙТОЛҚЫН ЫБЫРАЙ, РЕЖИССЕР:
— Бұл жерде маңызды нәрсе – әр актер өзінің кейіпкерін сезініп білу, тану, сырттай іздену.
Сериалды бес актер дыбыстайды. Жоба жетекшісінің айтуынша, дубляж әртістері өз жұмыстарын керемет орындап, сериалдың түпкі ойын дұрыс жеткізген.
КЕНЖЕМҰРАТ МОЛДАНҰЛЫ, ДУБЛЯЖ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:
— Сериалда бас кейіпкер еске алатын Османның жас кезін бізде Ильдар деген балақай алып жатыр. Бірінші сыныптың оқушысы. Өте жақсы. Көрермендер сүйсініп бағалап жатыр.
Енді көрерменнің сұрауы бойынша «Жетінші арна» сериалды аптасына 5 күн емес, 7 күн ұсынады. Күнде екі сериядан тамшалай аласыз.
———————————————