Мұқағали Мақатаев 94 жасқа толар еді

Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін білмейтін адам кемде кем. Айтпақшы, екі күннен кейін қара өлеңнің қара нарын қазақ елі еске алады. «Бүгін менің туған күнім, ой, пәлі-ай!» деп жырлап кеткен мұзбалақ 94 жасқа толар еді. Талай газет-журналда қолтаңбасы қалған ақынның «Қарлығашым, келдің бе?», «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің», «Соғады жүрек», «Шолпан» атты жыр жинақтары шыққан. «Қош, махаббат!» атты прозалық кітабы да бар. Шоқтығы биік ақынның өлеңдері миллиондаған оқырманның жүрегінде жатталған. Ендеше өлеңсүйер қауымның өз аузынан естиік.
———————————————