Жүргізуші: Ардақ Қасымхан — https://www.instagram.com/ardak_kassymkhan
ТЕЛЕФОН ТЕРРОРИСІ
Телефон террорисі табылмай жатыр. Атырауда белгісіз біреу мектеп мұғалімінен 80 млн теңге талап еткен. Әйтпесе тал түсте мектепті жарып жіберемін деп қорқытқан. Білім ошағында ешқандай «бомба» болмай шықты.
ЕСІРТКІ ЕМЕС
Құлпынай дәмі бар есірткі. Мектеп маңында естен тандыратын «тәтті» таратылып жатыр. Балаларыңыз бөтен адамның қолынан кәмпит алмасын! Кешелі бері әлеуметтік желіде осындай ақпарат тарады. Сенбеңіз, бұл – құйдай өтірік. Құзырлы орган өкілдері елді сабырға шақырады.
ҮШЕУІНЕН БІР ПӘН
Енді химия, физика және биологияны біріктіріп оқуға болады. Бұл бір оқушыға майдай жақса, енді біреулеріне ұнамай жатыр. Қазақстанда жаңа білім стандарты бекітілді. Онда жасанды интеллект игілігін қолдану енгізілген.
КҮКІРТКЕ ТҰНШЫҚПАСЫН!
Күкіртке тұншыққымыз келмейді. Шиелі кентінің шетінде күкірт қышқылын сақтайтын қойма салынып жатыр. Жергілікті жұрт ауыл ішіне уранның уыты тарайтын болды деп алаңдаулы. Әкімдік өкілдері құрылыстан кінәрат тауып, кәсіпкерді сотқа берді.
АҚ ОЛИМПИАДА
Күллі әлем Харбинге қарап отыр. Дәл қазір Қытайда тоғызыншы қысқы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтіп жатыр. Шарадан тікелей көріністі ұсынамыз.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.